Қан қысымын дәрі-дәрмексіз қалай түсіруге болады

15 Ақпан 2020, 09:19
7404
Бөлісу:
Қан қысымын дәрі-дәрмексіз қалай түсіруге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғары қан қысымы денсаулыққа қауіпті. Тіпті, көрсеткіштер нормадан сәл ауытқып кетсе де. 

Бұл жүрек бұлшықетіне қосымша ауыртпалық түсіріп, оның тез тозуына себеп болады. Дегенмен, дәрі-дәрмексіз денсаулық жағдайын қалыпқа келтіре алатын белгілі бір ережелер бар. Бұл туралы Focus.de порталында хабарланды. 

Мюнхен техникалық университетінің өкілі Мартин Хоссенің айтуынша, гипертонияның негізгі себептері қимылсыз өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтанбау және артық салмақ. Сондықтан мамандар пациенттерге күніне кем дегенде 15 минут таза ауада серуендеуге кеңес береді. Бір рет серуендеудің өзі қысымды 5-8 мм рт.ст-ға төмендетеді. 

Сонымен қатар, әр адам өзінің тамақтану рационын қайта қарау керек, атап айтқанда, құрамында тұзы көп тағамдардан бас тарту қажет. Мәселен, шұжықтар, ірімшіктер, нан өнімдері. Оның орнына көкөністерді көбірек жеген дұрыс болады. Үшінші кеңес - денедегі артық салмақтан арылу. Тіпті, көзге көрінер-көрінбес аз салмақты жою жүрек пен қан тамырларына деген жүктемені әжептеуір азайтады, - делінген хабарламада.

Дәрігерлердің сөзіне сүйенсек, мұндай шаралар инфаркт пен инсульттің болуын 50%-ға дейін болдырмайды. Қарапайым ұсыныстарды әл-ауқатына шағымы жоқ адамдар да ұстануы керек. Гипертония, әсіресе ерте кезеңдерде, үнемі шаршау мен бас ауыру сезімдерінде көрінетін қандай да бір симптомсыз-ақ дами алады екен. Бұған дейін, ғалымдар әйелдердің қан тамырлары еркектерге қарағанда жылдамырақ қартаятынын анықтаған. Оларда гипертония белгілері ертерек пайда болып, ауру тезірек өршиді екен.

Өзгелердің жаңалығы