Қалыптасқан күрделі жағдайда бұл өте дұрыс шешім – Ерманов

11 Қаңтар 2022, 11:18
1726
Бөлісу:
Қалыптасқан күрделі жағдайда бұл өте дұрыс шешім – Ерманов

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Мемлекет басшысы ҚР Премьер-министрлікке Әлихан Смайловты ұсынуына қатысты Мәжіліс депутаты Мұхтар Ерман пікір білдірді.

Кәсіби қызметте мол тәжірибесі бар. Смайылов Үкіметте жауапты лауазымдарды атқарды. Ол қаржылық және экономикалық мәселелерді терең меңгерген. Мәжіліс депуттарды маңызды заңнамаларды қабылдау кезінде ол Парламентпен өзара жақсы іс-қимыл жасағанын жақсы біледі, – деді депутат.

Сондай-ақ ол мұндай ауқымды оқиға кезінде Мемлекет басшысын мәжіліс депуттары қолдайтынын айтты.

Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Құрметті депутаттар! Бүгін біз аса маңызды мәселені қарау үшін жиналып отырмыз. Қаңтардың соңғы он күні ішінде Қазақстан ауқымды және қиын жағдайды бастан өткерді. Бұл ел тәуелсіздігінде болған ең ауқымды оқиға. Қасым-Жомарт Кемелұлы дағдарыстың алғашқы күндерінен бастап мәжіліс депутаттары сіздің конститутциялық тәртіптерді қалпына келтіру, еліміздің тәуелсіздігін сақтап қалу жөніндегі барлық батыл шешімдеріңізді толық қолдады. Ақтау мен Жаңаөзенде халықпен кездесті сондай-ақ, БАҚ-пен әлеуметтік желілерде көптеген сұхбаттар берді, – деді Ерман.

Сондай-ақ депутат Смайыловтың Қазақстан Президентінің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрақтандыру мәселелерін шешуге қатысқанын атап өтті. 

Құрметті депутаттар! Осы кездің өзектілігін назарға ала отырып, Nur Otan партиясының фракциясы Қазақстан Республикасының Премьер-министрін тағайындау үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев енгізген Әлихан Смайыловтың кандидатурасын қолдайды. Назарларыңызға рақмет! - деді М. Ерман. 

Өзгелердің жаңалығы