Бас жаңалықтар
   Павлодар облысында тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау жұмысы күшейтілуде
30 Қаңтар 2019, 08:15 930

Павлодар облысында тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау жұмысы күшейтілуде

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастам елімізде экологиялық заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу талап етіледі.

Басқаша айтсақ, экологиялық заңнамаға сәйкес кейбір қатты тұрмыстық қалдық түрлерін полигондарға тастауға тыйым салынады. Мәселен, қоқыс орындарына автокөлік дөңгелектері, макулатура және пластикалық заттар қабылданбайды.

Сала мамандарының есебінше, бүгінде өндірістік өлкенің полигондарында 5,2 млн тонна қоқыс жатыр. Тұрғындар күнбе күн шамамен 700 тонна тұрмыстық қалдықты сыртқа тастайды.

Облыстағы қалаларда сыртқа тасталатын қоқыстардың морфологиялық құрамы бірдей келеді. Қатты тұрмыстық қалдықтардың 30%-ы – азық-түлік қалдықтары, 30%-ы қағаз, 13%-ы пластикалық заттар, 5%-ы шыны, 8%-ы металл және 14%-ы өзге қалдықтар. Бүгінде Павлодарда қатты тұрмыстық қалдықтарының пайдалы компоненттерін сұрыптаумен айналысатын кәсіпорын бар. Кәсіпорын жылына 120 мың тонна қоқысты сұрыптауға қауқары бар ғимарат сатып алған. Ақсу және Екібастұз қалаларында да осындай орталықтар бар.

«Халық арасында қалдықтарды бөлектеп жинау бойынша тиісті жұмыстар қолға алынған. Өңір шаһарларында палстикалық заттарға арналған – 370, құрамында бар сынап бар қалдықтарға арналған – 200 және істен шыққан электр құралдары үшін 20 контейнер отнатылды. Тағы 100 контейнер аудан орталықтарында орнатылады. Ал әлеуметтік нысандарда пластик, қағаз бен шыныға арналған орындар жасақталған», - облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының маманы Аңсар Әлешов.


Фото: автор

Айта кетейік, Павлодар аумағында 60 жылдық тарихы бар полигон бар. Жылына 300 мың тонна қоқсы тасталады. Мекеме басшылығы заңнама талаптарын орындау мақсатында қоқысты сұрыптау үшін құны 150 млн. теңге болатын сұрыптау цехын сатып алған. Қазіргі таңда кәсіпорын жылдық қоқыс көлемінің 10%-ын, яғни, пластик, қағаз, металл мен шыныны адам қолының күшімен сұрыптайды.

Мамандардың сөзінше, қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару бағытындағы шаралар ауылдық жерлерде де қолға алынған. Бұл істі жүзеге асыру аудан әкімдіктеріне жүктелді. Қазіргі уақытта 35 елді мекен үшін нормативті құжаттама әзірленуде. Болашақта мамандандырылған кәсіпорындар қалдықтарды тығыздау, бөліп жинау жұмыстарын жүргізіп, осы арқылы рұқсатсыз қоқыс таста уорындарының жойылуына әсер етпек.

 

Ақмаржан Әділбек

Сізден жаңалық