Қаламызда жағдай тұрақты – Алтай Көлгінов

10 Қаңтар 2022, 15:05
1250
Бөлісу:
Қаламызда жағдай тұрақты – Алтай Көлгінов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында қала тұрғындарын төтенше жағдай режимінің барлық ережелерін сақтауға және сенімді дереккөздерде жарияланған ақпараттарға ғана сенуге шақырды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. 

Құрметті қала тұрғындары! Қаламызда жағдай тұрақты. Дегенмен, құқық қорғау органдарының бәрі жұмысын күшейтілген режимде жалғастыруда. Елорданың периметрі бойынша блокпосттар орнатылды, сол сияқты полиция қызметкерлері аулаларды және пәтерлерді аралайды. Өздеріңіз білетіндей, қаламызға сағат 23:00-ден 7:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді. Полиция қаланы күзетеді. Бұл уақытта тұрғындардың сыртқа шығуына тыйым салынады. Қала тұрғындарын өздері мен жақындарының қауіпсіздігі үшін ТЖ режимінің барлық ережесін сақтауға, адам көп жиналатын орындарға бармауға, деструктивті күштердің арандатуына ермеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамын!,- деп жазды қала әкімі.

Өзгелердің жаңалығы