Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында өткен тікелей эфир барысында ҚР ДСМ қарасты Тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты.
Вирус жұқтыру деңгейінің өсімі адамдардың карантин шараларын мұқият сақтамауы салдарынан болып отыр деуге болады. Қазір қасиетті Рамазан айы, адамдар бір-біріне ауызашарға барып, топтасып қыдырып жүр. Бірақ, біз күнделікті вирус жұқтыру деңгейі тұрақталмайынша, шыдамдылық танытуға кеңес береміз. Ешкімді қонаққа шақырмаңыздар, өздеріңіз де бармаңыздар, - деді ол.
Комитет төрағасы қазір қалааралық блок-бекеттердің әлі де болса алына қоймағанын айтты.
Әзірге аймақтардағы блок-бекеттерді алу жоспарда жоқ. Себебі, әр өңірдің эпидемиологиялық жағдайы әр түрлі екенін көріп отырсыздар. Мысалы, соңғы бірнеше күндегі көрсеткіш бойынша, Шымкент қаласы мен Атырау облысында айтарлықтай өсім бар. Аймақтар арасында карантиндеу шаралары мен блок-бекеттерді жұмсарту сол инфекцияның, мысалы, Шымкенттен Түркістан облысына немесе Атырау облысынан жақын жатқан өзге өңірлерге тарап кетуі мүмкін. Ал әуе рейстерінің көбеюіне байланысты айтарым, қалай дегенмен, ұшақта отыру мерзімі аз ғана, Нұр-Сұлтан мен Алматы арасын 1,5 сағат. Яғни, вирус жұқтыру тәуекелі төмен, - деді комитет төрағасы.
Тимур Сұлтанғазиев бұған дейін
өткен аптада бірнеше өңірде вирус жұқтыру деңгейінің 7%-дан жоғары болғанын мәлімдеген еді.