Әлі күнге дейін қағаз құжаттар талап етіледі – президент

20 Желтоқсан 2019, 15:38
5601
Бөлісу:
Әлі күнге дейін қағаз құжаттар талап етіледі – президент
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке көлік жүргізушілері өздерімен алып жүруі тиіс қағаз құжаттары санын қысқартуды тапсырды.

image-20-12-19-01-16-2.jpeg
Қоғам алдында цифрлық қызмет көрсету сапасы туралы мәселе тұр. Ештеңеге қарамай арнайы деректер базасын құрдық, қымбат тұратын ақпараттық жүйелерді сатып алдық. Әлі күнге дейін бірінші кезекте қағаз түріндегі құжаттарды талап етіледі, - деді мемлекет басшысы.
image-20-12-19-01-16-6.jpeg

Тоқаев осы мәселеге қатысты көлік жүргізушілері жиі тап болатын оқиғаны айта кетті.

Бір ғана мысал келтірейін. Әрбір үшінші қазақстандық көлікпен жүреді. Жүргізушілер өздерімен бірге жеке куәлігін, жүргізуші куәлігін, техникалық құжатын, жол парағын басқа да құжаттарды алып жүреді. Азамат құжатын үйінде ұмытып кетсе, жазалаймыз. Осындай факті бойынша 11 айда 80 мыңға жуық азамат жазаланды. Үкімет жақын арада осы мәселені жөнге келтіруі тиіс. Қажет болса, заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу керек, - деп тапсырды Қазақстан президенті Ұлттық кеңестің ІІ отырысында.
image-20-12-19-01-16-8.jpeg
Айта кетсек, бүгін Нұр-Сұлтанда Ұлттық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа қатысқан мемлекет басшысы көпбалалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек табысына қарамастан, бала санына қарай төлеу себебін түсіндірді. Сондай-ақ, ол Үкіметке мүгедектерді жұмыспен қамту мәселесін шешуді тапсырды.
Өзгелердің жаңалығы