Путинцева мен Дияс жүз теннисшінің қатарына енді

8 Қаңтар 2019, 15:33
1380
Бөлісу:
Путинцева мен Дияс жүз теннисшінің қатарына енді

Астана, baq.kz. Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жылдың жаңа рейтингін жариялады. Аталған тізімде қазақстандық спортшылар Юлия Путинцева мен Зарина Дияс бар.

Юлия Путинцева 44-ші орынды сақтап қалған. Ал тағы бір отандасымыз Зарина Дияс рейтингте құлдырап барады. Ол бірден тоғыз сатыға төмендеп, 98-ші орынға тұрақтаған. 
Еске сала кетсек, Путинцева Сиднейдегі турнирде Диясты ұтып, турнирдің негізгі бөліміне жолдама алған еді. 
WTA рейтингіндегі үздіктер үштігі өзгеріссіз қалды. Бірінші орында румыниялық Симона Халеп. Екінші және үшінші сатыны германиялық Анжелик Кербер мен дат қызы Каролин Возняцкий иеленді.
Өзгелердің жаңалығы