Путинцева Индиан-Уэллс турнирінің үшінші айналымына шықты

9 Қазан 2021, 10:53
762
Бөлісу:
Путинцева Индиан-Уэллс турнирінің үшінші айналымына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық, әлемнің 43-ракеткасы Юлия Путинцева Индиан-Уэллс (АҚШ) WTA1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Путинцева екінші айналымда отандасы, әлемнің 16-ыншы, осы жарыстың 13-ракеткасы Елена Рыбакинамен кездесті. 

Бұған дейін екеуі өткен жылы Рим додасында ойнап, онда Ю.Путинцева 4:6, 7:6 (7:3), 6:2 есебімен жеңіске жеткен еді. 

Бұл жолы да Путинцева басымдылық көрсетті. Бірінші сетте 6:2 есебімен ұтса, екіншісінде тай-брейкте әбжілдік танытты – 7:6 (7:5). Екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсекеде эйс жасамағанымен, Путинцева 14 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. 

Рыбакина 3 эйс жасап, 2 брейкке (4 брейк-пойнт) қол жеткізді. Ю.Путинцева үшінші айналымда әлемнің 29-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенкомен шеберлік байқасады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Индиан-Уэллсте Зарина Диястың екінші айналымға шыққанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Елена Рыбакина жұптық сында жарысты жеңіспен бастады.


Өзгелердің жаңалығы