Путинцева «Аделаида» турнирінің екінші айналымына шықты

24 Ақпан 2021, 09:47
1014
Бөлісу:
Путинцева «Аделаида» турнирінің екінші айналымына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық, әлемнің 28-ракеткасы Юлия Путинцева Аделаида (Аустралия) турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Осы жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 54-орында тұрған германиялық Лаура Зигемундпен кездесті. 

Бірінші партияда Путинцева брейк жасап, жеңіске жете алды – 6:4. Екінші сетте есеп 2:1 болған мезетте қазақстандық теннисші брейкке қол жеткізді. 

Алайда Зигемунд сол бойда қарымта қайырып, таразы басын теңестірді – 3:3. Дегенмен Юлия Путинцева матчты тағы бір брейкпен бітірді – 6:4. 

Біршама тартысты өткен бәсеке 1 сағат 49 минутқа созылды. 

Юлия ширек финалға шығу үшін рейтингте 292-сатыдағы аустралиялық Сторм Сэндерспен кездеседі.


Өзгелердің жаңалығы