Бас жаңалықтар
Путин Тоқаевқа алтынмен апталған шахмат тарту етті
VIDEO
08 Қараша 2019, 15:39 242

Путин Тоқаевқа алтынмен апталған шахмат тарту етті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Форумның ресми шараларынан кейін мемлекет басшылары бір-біріне естелік ретінде сыйлық жасаған. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

Омбы қаласындағы ынтымақтастық Форумының ресми шараларынан кейін мемлекет басшылары бір-біріне естелік ретінде сыйлық жасады.


Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәрмәр мен малахиттан жасалып, күміспен күптеліп, алтынмен апталған шахмат тарту етті. Қазақстан президенті ресейлік әріптесіне ұлт ұстазы, халқымыздың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай арнайы тарту-таралғы ретінде шығарылған Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" романының екі томын сыйлады, - деп жазды ол.



Сондай-ақ, Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Омбы әуежайына дейін келіп, әріптесін өзі арнайы шығарып салған еді. 

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбыға барған болатын.


Фото: дереккөз
Загрузка...