Путин Ресейде жеңіс шеруі қашан өтетінін айтты

26 Мамыр 2020, 19:37
1723
Бөлісу:
Путин Ресейде жеңіс шеруі қашан өтетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей президенті Владимир Путин Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына арналған шеру биыл 24 маусымда Қызыл Алаңда өтеді деп мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. 

Ресей көшбасшысы іс-шараға дайындықты бастауды тапсырды. Бұл күні Қорғаныс министрлігінің басшысы Сергей Шойгу ең қатаң қауіпсіздік режимін қамтамасыз етуге қатысады. Осылайша, барлық тәуекелді барынша азайтуға болады. Сонымен қатар Владимир Путин "Мәңгілік полк" акциясы кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкін еместігін атап өтті. 

Бұған дейін Мемлекеттік Думаның вице-спикері Игорь Лебедев Ресей Конституциясына түзетулер бойынша референдум 24 маусымда Жеңіс шеруімен қатар өтуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Оның айтуынша, мұндай болжамды Мемлекеттік Думада депутаттар алдында айтқан.

Биыл мамыр айында коронавирустың таралуына байланысты Мәскеудегі Қызыл Алаңда болатын Жеңіс шеруі ауыстырылған болатын. Ресей президенті Владимир Путин кейінге қалдырылған іс-шаралар міндетті түрде өтетінін айтты. 

Оның орнына 9 мамыр күні елде бірнеше акция өтті, шара аясында азаматтар соғыс батырларын, өздерінің майдангер туыстарын еске алып, ардагерлерге алғыс білдірді. Сондай-ақ ел тұрғындары балкондарға шығып, «Жеңіс күні» әнін шырқады, сондай-ақ, «Мәңгілік полк» онлайн-шеруіне  қатысты. Ресейдің бірқатар қаласында мерекелік отшашу өтті.

Өзгелердің жаңалығы