Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа жеделхат жолдады

18 Маусым 2020, 23:55
1031
Бөлісу:
Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа жеделхат жолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Президенті Владимир Путин ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа оның коронавирус инфекциясынан тезірек сауығып кетуін тілеп, жеделхат жолдады. Бұл туралы Ресей басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

Осы қиын сәтте сізге шын жүректен қолдау білдіргім келеді. Сіздің ерекше өмірлік энергияңыз, мықты рухыңыз және оптимистігіңіз қысқа мерзімде вирусты жеңуге көмектеседі деп сенемін, - делінген РФ Президентінің жеделхатында.

Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа вирустан құлан-таза айығып кетуін және зор денсаулық, ұзақ өмір тіледі.
Өзгелердің жаңалығы