Лос-Анджелесте белгісіз біреу Путинді әуеден құттықтады

8 Қазан 2019, 14:19
3150
Бөлісу:
Лос-Анджелесте белгісіз біреу Путинді әуеден құттықтады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 қазанда Ресей Федерациясының басшысы өзінің туған күнін тойлады. Владимир Путин 67 жасқа толды. Лос-Анджелес аспанында президентті құттықтау жазбалары пайда болды.  

Mash телеграм-каналының мәліметтеріне сүйенсек, Лос-Анджелес қаласының аспанында Ресей президентін құттықтау жазбасы пайда болған.

Дүйсенбі күні, яғни 7 қазанда белгісіз адам Лос-Анджелес қаласының үстінен ұшақпен ұшып бара жатып, ашық аспанда хэштег белгісімен латын әріптерінде "VVP" деп жазылған және "67" саны бар айшықталған белгі қалдырған.

Бұл ерекше көріністің видеосы Mash телеграм-каналында жарияланды.


Өзгелердің жаңалығы