Бас жаңалықтар
ПТР-тесті болмаған екі шетелдік кері қайтарылды
07 Қазан 2020, 11:01 60

ПТР-тесті болмаған екі шетелдік кері қайтарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оның бірі Түркия, екіншісі Беларусь елінің азаматы.

Қазақстанға келген екі шетелдік азамат ПТР-тест анықтамасы болмағандықтан кері қайтарылды. Бұл туралы елордалық әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады. 

Карантиндік шектеу талаптарына сәйкес, шетел азаматтарында мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде 72 сағаттан ерте емес іріктелген ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуден өткені туралы анықтама болмаған жағдайда Қазақстанға кіруге жол берілмейді, - деді Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Сәдуақас Байғабылов.

Оның айтуынша, 7 қазанда Минск-Нұр-Сұлтан әуе рейсімен келген екі шетелдік азамат кері қайтарылды. Өйткені, Түркия азаматында ПТР талдау анықтамасы 1 қазанда жасалған, ал Беларусь азаматында экспресс-тесттен өткені туралы анықтама болған.

Бұған дейін елордаға ұшып келген 170 жолаушының стационарға жатқызылғаны туралы хабарланған еді.

Фото: дереккөз
Загрузка...