ПТР-тест. ШҚО-да шу шықты

13 Қараша 2020, 22:50
2464
Бөлісу:
ПТР-тест. ШҚО-да шу шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында ПТР-тесттердің нәтижелеріне байланысты тағы да шу шықты.

Алтайньюс порталының мәліметінше, бұл жолы жанжал Риддер қаласында шыққан. 

«Инвиво» зертханасы ондаған адамның инфекция жұқтырғанын растаған. Дәл осы адамдар екінші бір зертханаға барып, сынама тапсырған. Үш күннен кейін олар тестілеудің «теріс» нәтижесіне көз жеткізіпті.

Әлеуметтік желі қолданушылар ПТР зертханалар пайданың көзіне айналды деп наразы. Шынымен де, тест құны қарапайым халық үшін аз ақша емес. Кезек күтіп жүйке тоздыру, уақыт оздыру және бар.

Естеріңізде болса, осыдан бірнеше апта бұрын Өскемен және Семей қаласында тура осындай жағдайға болған еді. Репродуктивті медицина орталығы  жүкті әйелге тестілеудің қате нәтижесін көрсетіп қана қоймай, босанғаннан кейін баласын көрмейтіндігін айтып қорқытқан. Бұл сорақылықтың басы да, аяғы да емес.

Сондай-ақ репродуктивті медицина орталығы бас мемлекеттік санитарлық дәрігер бастаған республикалық комиссияны табалдырықтан аттатпай қойғаны да көптің жадында.

Айта кетейік, қазір облыстық денсаулық сақтау басқармасына тікелей бағынатын тағы ПТР-зертхана ашылады деп жоспарлануда. Зертханалар көбейген сайын көптің көңіліне сенім емес, күдік ұялап жатқаны жасырын емес.  

Өзгелердің жаңалығы