Бас жаңалықтар
ПТР анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы депортацияланды
10 Мамыр 2021, 11:41 2825

ПТР анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы депортацияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9 мамырда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, Грузия, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 24 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте 4 013 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 2 380 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 193 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 145 жолаушы;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 159 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 136 жолаушы.

Сонымен қатар 9 мамырда Ташкент – Алматы авиарейсімен ПТР анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.

Фото: дереккөз
Загрузка...