Бас жаңалықтар
ПТР анықтамасыз келген 22 шетелдік азамат еліне қайтарылды
25 Желтоқсан 2020, 21:29 699

ПТР анықтамасыз келген 22 шетелдік азамат еліне қайтарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында ПТР анықтамасыз келген 22 шетелдік азамат депортацияланған. Бұл туралы ВАК хабарлады.

Пандемия басталғаннан бері Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы "Жайсаң", Қарғалы ауданы "Әлімбет" санитарлық-карантиндік пункттерінде санитарлық бақылау тәулік бойы жүргізіледі.

Эпидемиологтар шекарадан өтетін адамдарға тәулік бойы термометрия мен сауалнама жүргізіп, ПТР тестілеуінің теріс нәтижесі бар анықтамалардың болуын тексереді.

Үстіміздегі жылдың 6-қазанынан бастап 25-желтоқсан аралығында "Жайсаң" және "Әлімбет" СКП Мемлекеттік шекарасы арқылы барлығы 48 778 адам өтті, оның ішінде анықтамасы жоқ 4 131 адам карантиндік стационарға жатқызылды, оның ішінде Ресей Федерациясынан келген 47 адамнан COVID-19 анықталды.

Қазақстан Республикасына анықтамасыз келген Ресей Федерациясының 22 азаматы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес ел аумағына жіберілмеді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...