Психолог жеткіншектердің зиянды заттарға неге әуес болатынын түсіндірді

14 Тамыз 2020, 09:41
2689
Бөлісу:
Психолог жеткіншектердің зиянды заттарға неге әуес болатынын түсіндірді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Қазақстан әйелдері қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің психологі Ақгүл Молдабекова жасөсіпірімдердің зиянды заттарға әуестенуінің себептерін айтып берді. 

WhatsApp Image 2020-08-14 at 09.37.34.jpeg
Жасөсіпірімдер арасында ішімдік пен нашаны пайдалану деректері бар. Оның психологиялық аспектілерінде отбасылық проблема, баланың тұншығуы, жеңіл жолмен мәселені шешу жатыр. Көп жағдайда олар сол үшін алкоголь мен есірткіге әуес болуы мүмкін. Оны тұтынуды бастаған соң, әрине, бұл тыйым салынған заттарға деген тәуелділік пайда болады. 3-4 жыл бойы баланың ағзасы зиянды заттарға бейімделген соң, ол тәуліктік тәуелділікке алып келеді. Семинарлар барысында жасөспірімдердің психикасына ену, яғни олардың проблемасын анықтау бойынша қандай әдістер керегі талқыланды, - деді Молдабекова. 
WhatsApp Image 2020-08-14 at 09.38.59.jpeg

Мысалы, 13-15 жастағы жасөсіпірімдердің 14,8 пайызы күнде темекі шегеді. 12-15 жастағы жеткіншектердің 18,1 пайызы алкоголь пайдаланады, ал олардың жасы 15-17-ге жеткенде, көрсеткіш 37 пайызды құрайды.

Психолог атағандай, жасөспірімдердің тәуелділікке түспеуі үшін алдын алу шаралары қарастырылған. 

Оларға көмек көрсетуде шетелдік мамандардың тәжірибесін пайдалану тәжірибесі қарастырылды. Жұмыс барысында тәуелділіктің түрлері де талқыланды. Ғашықтықтағы тәуелділік, одан шығу үшін бастапқы қарастырылатын мойындау, көмекке жүгіну, отбасы тарапынан көрсетілетін қолдау мәселелері де қаралды. Ертегі терапиясы арқылы, қуыршақ техникасы сынды қарапайым әдістер арқылы адамның жан дүниесін түсіну жолдары айтылды, - деді ол. 

WhatsApp Image 2020-08-14 at 09.38.01.jpeg

Айта кетейік, тамыз бен қараша айы аралығында Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Қызылорда, Павлодар қалаларында мүмкіндігі шектеулі балаларға және олардың отбасыларына арналған психологиялық көмек көрсету бағытындағы "Ата-аналарға арналған кеңес беру орталығы" жұмысын бастады. Аталған қалаларда мамандар жасөсіпірімдер мен олардың ата-аналарына психологиялық көмекті тегін көрсетеді. 

Іс-шара "Қазақстан әйелдері қауымдастығы" ҚБ және "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы