Бас жаңалықтар
Прокуратура: Біз оны заңға қайшы деп санамаймыз
10 Қаңтар 2021, 21:46 115

Прокуратура: Біз оны заңға қайшы деп санамаймыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-де сайлау күні заңдылықтың сақталуы тақырыбында өткен онлайн брифингте ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі Азамат Сарғазин айтты.

Брифинг барысында Бас прокурордың аға көмекшісі сайлау процесіне қатысушылардың санын реттеу, бір мезгілде олардың жиналуына, әлеуметтік қашықтықтың бұзылуына жол берілмеуін бақылау сайлау комиссияларына жүктелгенін атап өтті.

Бұл республиканың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен бекітілген. Дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын алдын алу жөніндегі алгоритмде жазылған. Мұндай шаралар сайлауға қатысушылардық, соның ішінде байқаушылардың өздерінің де қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. Кейбір сайлау учаскелеріндегі жағдайлар көп адамның шоғырлануына мүмкіндік бермейді, - деп айтты Азамат Сарғазин.

Байқаушылардың алдында шыныдан жасалған қорғау орнатылғанына да тоқтала кетті.

Біз оны бұзушылық деп санамаймыз. Өйткені олар байқаушыларға ешқандай кедергі, шектеу келтірмейді, - деп түсіндірді ол брифингте.

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...