Бас жаңалықтар
Қарағанды облысында шұғыл-профилактикалық шаралар басталды
04 Қаңтар 2019, 08:59 322

Қарағанды облысында шұғыл-профилактикалық шаралар басталды

Aстана, baq.kz. Қарағанды облысының аумағында ішкі істер органдарының қызметкерлері арнайы шұғыл-профилактикалық шараны бастап кетті. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

«Қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғау, көші-қон бақылауын, қықық бұзудың алдын алуды күшейту, соның ішінде қоғамдық орындарда, іздеуде жүрген тұлғаларды табуды қамтамасыз ету мақсатында 3-9 қаңтар аралығында Қарағанды облысының территориясында «Құқық тәртібі» шұғыл-профилактикалық шаралары өтеді», - деп жазылған ведомствоның хабарламасында.

Еске сала кетсек, кеше ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев Қарағанды әскери академиясының қызметкерлерінің видеосына байланысты хабарлама таратқан болатын.

Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 қаңтарына қараған түні Қарағанды қаласындағы «Древний Рим» мейрамханасында жанжал туындап, соңы жаппай төбелеске ұласып кетті. Оқиға барысында бір адам қаза болып, тағы үшеуі түрлі деңгейде жарақаттар алған. Облыстық прокуратура жағдайды ұлтаралық алауыздық сипатта болған жоқ  деп деген мәлімдеме таратты.

Загрузка...

Сізден жаңалық