Профессионалдар. Сапер

25 Шілде 2019, 13:55
10285
Бөлісу:
Профессионалдар. Сапер
PHOTO
Фото: автордан

Талдықорған, BAQ.KZ тілшісі. Қорғаныс министрлігі Қазақстан әскерінің тыныс-тіршілігімен таныстыру мақсатында жыл сайын журналистерге пресс-тур өткізеді. Осы жолы БАҚ өкілдері Қапшағай қаласындағы «Жағалау» инженерлік-саперлік бригадасының базасымен танысты.

Инженерлік саперлік полк командирі Бақытбек Тәжібаев сөзін былтыр базада ТМД елдері арасында инженерлік бөлімшілер арасында өткен жарыста отандық сарбаздар 1-орын алып, ісінің мамандары екенін, практикалық білімдерін көрсеткенін айтып бастады.

Журналистер алдымен жарылғыш заттарды іздеу құрылғыларымен танысты. Мысалы, бір құрылғы нысанды зерттеуге, оның қандай қашықтықта орналасқанын, қаншалықты жарақтандырылғанын анықтай алады. Ал келесі құрылғыны жауынгерлерді 15-30 метр радиобайланыспен қамтамасыз етеді.

22.JPG

Сапер костюмі қауіпті заттардан, олардың қалдықтарынан, жарылыс факторларынан қорғауға арналған. Қорғаныс броны жеңіл беріктігі жоғары полиэтиленнен, ал матаның өзі жанбайтын материалдан жасалған. Костюм құны – 2 млн теңге.

23.JPG

Шағын көрмеден кинолог қызметіне қажетті заттарды да байқауға болады. Ол жерде иттер іздеп таба алатын жарылғыш заттар көрсетілген.

«Бригадалар келе жатқан кезде алдын тазалап, алдында мина бар ма, бар болса алып тастауға міндеттіміз. Залалсыздандыру жұмыстарын жасаймыз. Саперлерді соғыс жағдайына күнделікті дайындаламыз. Не үшін? «Тыныштық керек болса, соғысқа дайындал» деген сөз бар. Таңертеңнен кешке дейін жаңадан келген сарбаздарды әскери қызметке үйретеміз. «Сапер бір-ақ рет қана қателеседі» дейді. Өте қауіпті қызмет болса да, елі үшін, жері үшін не істемейді», - деді 58012 әскери бөлім командирінің орынбасары - полк командирі Руслан Жылқыбаев.

24(1).JPG

24.JPG

Саперлер жарылғыш заттарды қалай табатынын көрсетті. Операцияға 6 адам мен бір ит қатысты: инженерлік барлау құралдары бар 4 барлаушы, кинолог итімен бірге және жүргізуші. Алдымен сапер құрылғысымен жерді тінтиді. Мина табылса қолын көтереді, сол учаскеге қызыл белгі қадайды. Одан кейін саперлер тобы шегініп, минаны залалсыздандыру туралы бөлім командирінің командасын күтеді. Бөлім командирі барлауды жалғастыруға болатынын айтқан соң әрі қарай жүргізеді. Сапер қателесуге құқығы жоқ. Әр 30 минут сайын топтар ауысып тұрады. Сөйтіп минаны залалсыздандырады. Минаға арқанды бекітіп, тартады. Оны жерден суыру кезінде қауіпсіздік мақсатында бөлімше жерге бауырлап жатады.

26.JPG

27.JPG

IMG_0736.JPG

29.JPG

30.JPG

Құрам инженерлік қарулармен, 4-класстағы бронь жилеттермен, дулығамен жабдықталған. Сапердің жеке қаруы болады. Себебі шабуыл кезінде, заңсыз әскер тап келсе немесе қарсылас пайда болса өз уақытында шегіне алауы тиіс.

34.JPG

Саперлермен бірге Акира есімді белгиялық төбет ит алты жылдан бері қызмет етеді. Ол жарылғыш заттарды анықтауға үйретілген.

«Сақшы, күзетші иттер бар. Ал бельгиялық төбет іздеп табуға бейім. Ол жарылғыш иісін бірден сезеді. Итке витаминдер беріледі, жақсы тамақтанады. Қажетті күтім жасалады. Тек бір кинологтың айтқанын тыңдайды», - дейді сапер Сәрсенбек Оразаев.

Акираның дайындығын көрдік. Журналистердің бірінің сөмкесіне салынған затты бірден тауып алды.

35.JPG

«Осы кәсіптегі адамдар секілді иттерге де жоғары талаптар қойылады. Төрт аяқты сапердің психикасы тұрақты болуы қажет. Ол шұжықтың иісінен қатты дыбыстарға дейін басқа заттарға алаңдамауы тиіс. Өтіп бара жатқан адамдарға достық қалыппен қарап, тасымалдауға оңай болуы тиіс», - деді сапер.

Содан кейін станция бастығы, зертханашы және механик жылжымалы суды тазарту станциясының жұмысын көрсетті. Ол өзен суын ғана емес батпақтарды да тазарта алады.

36.JPG

Су тазарту станциясы жүк автомобиліне орнатылған. Қатардағы дауынгер Еламан Егізбаевтың айтуынша, техника бір сағат ішінде төрт тонна суды тазалауға қабілетті. 

37.JPG

38.JPG

41.JPG

43.JPG

47.JPG

Сүзгілер бар, барлық ерітінділік реагенттер қарастырылған. Өзен суы шлангімен сорып алынып, станцияда тазартылып, ақ резервуарға толтырылды. Дәмі бөтелкедегі таза сумен бірдей. Еш айырмасы жоқ. Журналистер кезек-кезек дәмін көрді.

44.JPG

Полк командирі Бақытбек Тәжібаев 2005 жылы Иракта жарылғыш заттарды жою бітімгерлік миссиясына қатысқан кезде осындай машинамен жергілікті халықты ауыз сумен қамтамасыз еткен.

«Бітімгерлік миссиясында Ирак елінде жарылғыш заттарды жою, сумен қамтамасыз ету және медициналық қызмет көрсету мақсатында бардық. Қойылған мақсаттарды ойдағыдай атқарып, қайттық. Келген соң біз тәжірибемізбен бөлісеміз. Ұрыс жағдайында қысқа мерзімде тапсырмаларды шешу міндеті тұрды. Қауіп деңгейін анықтауға уақыт болмады. Көптеген жарылғыш заттар сол жерде жойылды», - деді подполковник.

25.JPG

Ол отбасында әскери қызметті таңдаған алғашқы адам. Қызылорда облысы, Жосалы кентінде дүниеге келдім. Байқоңыр жақтан әскерилерді көрген ол солар секілді болуды армандаған. Тәжібаев арманын шындыққа айналдырып, әскери оқуға түскен. Көп ойланбай сапер болуды таңдаған.

«8-сыныптан кейін Шымкент қаласындағы әскери мектеп-интернатына түстім. Одан кейін Алматыдағы жоғары әскери училищеге қабылданып, 1998 жылы бітірдім. Мамандығымды анықтап алдым да, инженерлік-тактикалық жауынгерлер командасына түстім. Әр тапсырма тыңғылықты есептеуді қажет етеді. Отанды қорғау мамандығында өз ісіңнің маманы болуың керек», - дейді ол.

Инженерлік саперлік полк сапында жазғы мерзім уақытында 15 маман дайындалады. Әскери орталықта оқу орындары қарастырылған. Орталықта дене шынықтыру, ату, тактикалық, арнайы дайындық секілді әр маманға байланысты өзінің оқу пәндері болады. Әр маманның дайындығы тексерілді. Осы полигонда тапсырмаларды орындап шықты.

«Бригадаға қосылмас бұрын жігіттер іріктеуден өтеді. Кез келген адам сапер бола алмайды. Біздің мамандығымызда жауапкершілік, талдай білу, ұқыптылық, қолдың жақсы моторикасы, қозғалысты үйлестіре білу, күйзеліске деген төзімділік, шұғыл жағдайды бағалай білу маңызды әрі керек қасиеттер», - деді Тәжібаев.

Содан кейін сарбаздар химиялық және биологиялық қару, радиациямен зақымданған әскери техника мен әскерлерді зарарсыздандыру процесін көрсетті. Мобильді батальон 2004 жылы құрылған.

55.JPG

50.JPG

52.JPG

53.JPG

Радиация, химия және биологиялық қорғаныс батальонының командирі – майор А.Назарбаев батальон ядролық жарылыстардың алдын алу, радиациялық және химиялық-биологиялық барлау (РХБ), ақпаратты жинап оны РХБ жағдайында талдау, сондай-ақ қарулы күштер техникаларына арнайы тазалау, жеке құрамды санитарлық тазалау, жергілікті жолдарды зарарсыздандыру қызметін атқаратынын айтты.

54.JPG

«Залалданған техника арнайы тазалаудан өтеді. Жеке құрам да өзін тазалайды. Ең алдымен құрылғымен техниканың залалданғанын анықтаймыз. Детектор барлық машинаны тексереді. Арнайы ерітіндімен кез келген техниканы жуамыз. Бір сағатта 6-8 бірлік техниканы тазалауға болады. Егер толық тазаланбаса қайта жіберіледі. Жеке құрам да залалданған жағдайда шатырға барып сабынмен жуады. Мұны не үшін жасаймыз? Соғыс кезінде радиация тарамас үшін жасаймыз. Адамдардан бактериологиялық зат табылса медицина қызметкерлерімен зарарсыздандырылады», - деп түсіндірді майор.

Оның сөзінше химиялық қару – ең арзан қару. Оны кез келген химиялық не құрылыс дүкеніндегі заттардан жасап алуға болады. Бұл қару түрін қолдануға әлемде тыйым салынса да, террористер келісімге келмей отыр.

58.JPG

59.JPG

60.JPG

64.JPG

Содан кейін «УР-77» арнайы техникасының минадан тазалау жұмысы таныстырылды. Рота командирі Батыр Шоқанұлы техника ұрыс жағдайында мина алаңдарынан жүретін жол жасау мақсатында қолданылатынын айтты. 

69.JPG

Бүгінгі таңда Сириядағы қақтығыстарда пайдаланылады. Салмағы – 1340 кг. Қарсыластың мина алаңдарында өтпел жасауға мүмкіндік береді. Халық арасында мұны «Змей Горыныч» деп атайды.

65.JPG

66.JPG


Өзгелердің жаңалығы