Профессионалдар. Барлаушы

17 Шілде 2019, 10:05
9033
Бөлісу:
Профессионалдар. Барлаушы
Фото: автордан

Талдықорған, BAQ.KZ тілшісі. Қорғаныс министрлігінің ұйымдастырумен өткен пресс-тур барысында ҚР десанттық шабуылдау әскерінің барлау полкы орналасқан 48386 әскери бөлімінің жұмысымен таныстық.

Әскери бөлімнің тарихы 1962 жылдың 1 мамырынан бастау алады.

Бөлім командирінің орынбасары Владимир Ульянов жеке құрамның толықтай әскери-келісімшарт қызметшілерімен жасақталғанын, бәрі өз ісінің кәсіби шеберлері екенін айтты.

1.JPG

Подполковник Ульяновтың сөзінше, батальон 11 ротадан тұрады. Мұнда әр ротаның өз атауы бар. Мысалы «Сұңқар» ротасы сарбаздарды материалдық тұрғыдан қамтамасыз етеді. Әскери бөлімшелерге тамақ, оқ-дәрілер секілді барлық қажетті заттарды жеткізумен, жөндеу жұмыстарымен айналысады.

2.JPG

«Байланыс ротасының міндеті – үздіксіз байланысты ұйымдастыру. Бұл үшін оларда күш те, құралдар да жетеді. Ұшқышсыз ұшатын аппараттар бөлімі болса көптеген халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Олар екінші жыл қатарынан Ресейде өтетін байқауда ресейліктердің өзін артқа қалдырып бірінші орынды әкеліп жүр. Осы бөлімнің командирі «Жауынгерлік ерлігі үшін» орденімен марапатталды», - деді Ульянов.

3.JPG

Ал «Найза» артиллерия батареясы жер үстінде артиллерия шабуылын жасау арқылы қашықтықтан нысанды жояды. Барлау әскери ротасы жерде құпия барлаумен айналысады. Олар нысанды табады да, командаға орналасқан жері, техникалары туралы ақпарат береді. Одан бөлек «Үкі», «Орбита» секілді жеке міндеттерге жауап беретін роталар бар.

4.JPG

Алдымен оқу алаңымен таныстық. Ол жерде жауынгерлер сап тізеп тұрды және алаңда полктағы атыс қарулары, барлау мен байланыс құралдары, барлаушылар қолданатын барлық техника қойылған.

5.JPG

Барлау техникалары туралы тарқата кетсек, мұнда үрлемелі «Ротан» қайығы, «Д-30» артиллерия гаубицасы, «КамАЗ» және «Лэндровер» үстіне орнатылған зениттік қондырғы мен радиостанция, «Василек» минометі, «БТР-80» және «Арлан» брондалған әскери техникалары бар.

6.JPG

«Барлаушы бөлімшелерде әрдайым ерекше іріктеу жүреді. Барлаушы ол өзгеше ойлайтын, шыдамды, жақсы дене дайындығына ие, кез келген жағдайда психологиялық тұрғыдан төзімді бесаспап адам болуы тиіс», - дейді подполковник.

8.JPG

Оның сөзінше барлауға бойы үлкен және өте кішкентай жігіттерді алмайды, себебі барлаушылар 50 килограммға дейін салмақты көтеріп, ешкімге көрінбей, байқалмай жүру тиіс.

9.JPG

Барлаушылар туралы көп мәлімет құпия болғандықтан, бөлім командирінің орынбасары журналистерге жалпы мәлімет беріп, олардың дайындығын көрсетті.

7.JPG

Барлаушылардың қаншалықты төзімді екенін олардың кедергілер жолағын еңсеру жаттығуынан көрдік. Олар ең алдымен Калашников автоматын жылдам жинап, содан кейін 16 келілік жәшікті 20 рет көтерді.

12.JPG

Келесі кезеңде «жараланған» адамды сүйреп, биіктігі 2,5 метрлік арқанмен келесі нүктеге алып жүрді. Бұл тапсырманы инструкторлар қиындатып, жауынгерлерге міндеттемелерді айқайлап айтып тұрды. Барлық қатысушы кедергілерден сәтті өтіп, тапсырманы орындап, дайындықтарын көрсетті.

11.JPG

13.JPG

14.JPG

Күн далада жауынгерлер ұйымдастырған концертті тамашалаумен аяқталды. Журналистерді әскерге жаңа келген жас сарбаздар қарсы алды. Ал сахнада олардың рухтарын әнмен көтеретін әскери-патриоттық әндер орындалып, би қойылды.   

18.JPG 

«Еңсесін рухын көтеретін, жауынгерлерді алға бастайтын, әскери жолға сілтейтін осы әндеріміз деп есептеймін. Бұрынғы ата-бабаларымыз да әнмен рухты көтеріп, әскерін алға бастап отырған. Сондықтан да әскери қызметтің арасында да мерекелік концерттер береміз. Жігіттер полигонға барғанда да сол жаққа концертпен барып қайтамыз. Әнмен еңселерін көтеріп, әнмен рухтандырамыз», - дейді аға сержант Біржан Мұқаманов.

19.JPG 



Өзгелердің жаңалығы