Пробация қызметі бастығының орынбасары сотталғаннан пара алғаны үшін ұсталды

26 Маусым 2019, 19:14
1570
Бөлісу:
Пробация қызметі бастығының орынбасары сотталғаннан пара алғаны үшін ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті Семей қаласының пробация қызметі бастығы орынбасарының пара алу фактісін анықтады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

"Ол сотталғаннан Семей қаласынан шығуға және пробация қызметіне ай сайынғы белгіге келмеуіне рұқсат бергені үшін пара алды деп күдіктенеді", - делінген хабарламада.

 Кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктіге процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Тергеу жалғасуда.

Кінәлілік дәрежесін анықтау арқылы күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.

Өзгелердің жаңалығы