Бас жаңалықтар
Пробация қызметкерлері көпбалалы анаға компьютер табыстады
01 Наурыз 2021, 22:43 300

Пробация қызметкерлері көпбалалы анаға компьютер табыстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алғыс айту күні – қазақ халқының дархандығы мен даналығын көрсететін айтулы күн. Қазақстандықтар осы күні бір-біріне өз ризашылығын білдереді, құрмет көрсетеді. 

Айтулы мерекеге орай, қалалық пробация қызметі мен Жастар ресустық орталығы бірлесіп, есептегі азаматтарға қайырымдылық көмек ұйымдастырды. Олар бұл жолғы қайырымдылық көмекті пробация есебінде тұрған жалғызбасты, көпбалалы аналарға көрсетті.

Пробация есебіндегі көпбалалы ананың айтуынша, әлеуметтік жағдайы төмен, жұмыс істеп тапқан азын-аулақ табысы балаларының нәпақасынан , ас- суынан артылмайды. Балаларына компьютер алып беруге жағдайы жоқ. Оның жағдайына бей-жай қарамаған пробация қызметкері мен Жастар ресустық орталығының мамандары жалғызбасты көпбалалы екі анаға бірінші қажеттіліктегі азық-түлік өнімдерімен бірге балаларына компьютер табыстады.

Көпбалалы ана қуаныштан көзіне жас алып, пробация қызметкерлері мен Жастар ресустық орталығының мамандарына Алғыс айту күнінде балаларына қуаныш сыйлағанына риза болып, алғысын айтты.




Фото: дереккөз
Загрузка...