Президент елдегі саяси партиялардың төрағаларын қабылдады

9 Сәуір 2019, 11:00
1540
Бөлісу:
Президент елдегі саяси партиялардың төрағаларын қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі бірқатар саяси партияның төрағаларын қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевті, Қазақстан коммунистік халық партиясы Орталық Комитетінің хатшысы Айқын Қоңыровты, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаевты қабылдады" - делінген хабарламада.

Кездесу барысында қоғамдық-саяси күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы