Президенттің шешімдерін қолдаймыз – Қазыбек Иса

8 Қаңтар 2022, 14:21
1322
Бөлісу:
Президенттің шешімдерін қолдаймыз – Қазыбек Иса

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса осыдан бірнеше ай бұрын Үкіметке Жаңаөзендегі мәселе бойынша екі мәрте депутаттық сауал жолданғанын айтты.

Президент Жаңаөзенде ел қамы үшін шыққандардың талабын орындады. Жанар-жағар майдың бағасын төмендетті, азық-түлік бағасын бірқалыпты ұстау туралы шешім қабылдады, Үкіметті таратып жіберді. Бұл шешімдерді өте дұрыс қабылдады. Ақ жол партиясы осыдан екі-үш ай бұрын Жаңаөзендегі мәселеге қатысты Үкіметке екі рет депутаттық сауал жолдады. Бірақ еш нәтиже болмады, - дейді ол.

Депутат отандастарымызды Мемлекет басшысының шешімдерін қолдауға шақырды.

Қазір ел қамы үшін шығып жатқандар мен елге қарсы шығып жатқандарды шатастырмау керек. Жаңаөзенде, Ақтауда шыққандар базбұзарлық жасаған жоқ, елге қарсы соғысқан жоқ, талаптарын орындадатты. Талаптарды орындату үшін сабырлық, тыныштық керек. Ал елге қарсы соғысып жатқандар Алматыда, Шымкентте, Қызылордада, яғни оңтүстік жақта басталды. Мәдени ортамыз Алматы тас талқан болып, нағыз соғыс жүрді. Елге қарсы шыққандар – мемлекетке қарсы шыққандар, яғни тәуелсіздігімізге қарсы шыққандар. Оларға қатысты қатаң шара қолдану – өте дұрыс шешім. Ел басына күн туғанда Президенттің осындай шешім қабылдауы, барлық ауыртпашылықты, жауапкершілікті мойнына алып, елді сақтап қалуы, қатаң шараларға баруын біз қолдаймыз. Барлық халықты Президентті қолдауға шақырамыз, - деді депутат.

Өзгелердің жаңалығы