Президенттің Қырғызстанға мемлекеттік сапарының дайындық барысы талқыланды

<h4 align="right" style="text-align: left;">Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Чыңғыз Айдарбековпен кездесті.</h4>

 30 Қазан 2019 2019, 17:17
30 Қазан 2019 2019, 17:17
2634

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Чыңғыз Айдарбековпен кездесті.

Қырғыз-қазақстандық СІМаралық консультацияларға қатысу мақсатында жұмыс сапарымен келген ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов Қырғыз Республикасының cыртқы істер министрі Чыңгыз Айдарбековпен кездесті.   

"Кездесу кезінде тараптар Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы Қырғызстанға мемлекеттік сапарын дайындау барысы, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, одан арғы іс-қимыл перспективаларын талқылады", - делінген хабарламада.  

Наверх