Президенттің Күзет қызметінде бірқатар ауыс-түйіс болды

27 Шілде 2021, 18:56
2211
Бөлісу:
Президенттің Күзет қызметінде бірқатар ауыс-түйіс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Өкімімен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылды.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. 

Сәкен Сайынұлы Исабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Сәбитұлы Мұхтаров Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды.


Өзгелердің жаңалығы