Президенттің "Байқоңыр" кешеніне арнаулы өкіл тағайындалды

8 Сәуір 2020, 13:24
1142
Бөлісу:
 Президенттің "Байқоңыр" кешеніне арнаулы өкіл тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен "Байқоңыр" кешеніне арнаулы өкіл тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Серік Жүсіпұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі қызметіне тағайындалды, - делінген хабарламада.

Серік Сүлейменов 1966 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 

Білімі: 1990 ж. – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 

1997 ж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "құқықтанушы" мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолы: 1992-1997 жж. – "Қазкоммерцбанк" АҚ-ның заң қызметі басшысы. 

1997-2003 жж. – "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ бас директоры, "Темірбанк" АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 

2003-2013 жж. – энергетика саласында әртүрлі қызмет атақарған: "Қазақстандық коммуналдық жүйелер" АҚ президенті, "Маңғыстау электр таратушы желілік компания" АҚ басқарма төрағасы, "Қызылорда электр таратушы желілік компания" АҚ басқарма төрағасы. 

2013-2015 жж. – мемлекеттік органдарда: Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде сарапшы, Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінің бас инспекторы. 

2015-2019 жж. – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары. 

2019 жылдың 1 сәуірінен бастап – Қазақстан Республикасы атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы. 

Мемлекеттік наградалар: "Құрмет" ордені және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының медальдары.

Өзгелердің жаңалығы