Президенттің баспасөз қызметі 30 түп ағаш отырғызды

8 Мамыр 2021, 16:42
1704
Бөлісу:
Президенттің баспасөз қызметі 30 түп ағаш отырғызды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз бар. Байтақ отанымызды жасыл етіп жайнату әр азаматтың парызы деп ойлаймын. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақшасында жазды.

Бүгін ҚР Президентінің баспасөз қызметі арнайы сенбілік өткізіп, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап, елордадағы Ботаникалық саябақта 30 түп ағаш отырғыздық. Бір жағынан мұны Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған «Бес жыл ішінде орман алқабында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылатын болады» деген тапсырмасына қосқан өз үлесіміз деп те санаймыз, - деді ол.

Президенттің баспасөз қызметі 30 түп ағаш отырғызды

Берік Уәли сенбілік өткізу туралы бастаманы қолдаған Есіл ауданының әкімдігіне алғыс айтты.

Президенттің баспасөз қызметі 30 түп ағаш отырғызды

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. Орманымыз жайқалып, ұрпағымыз найқалып өсе берсін» деп қасиетті Разаман айының Қадір түні қарсаңында тілегімізді де тіледік, - деп жазды ол.
Президенттің баспасөз қызметі 30 түп ағаш отырғызды


Өзгелердің жаңалығы