Президенттің бағдарламаларында сабақтастық бар – "Атамекен" ҰКП

12 Мамыр 2020, 13:55
1502
Бөлісу:
Президенттің бағдарламаларында сабақтастық бар – "Атамекен" ҰКП
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ТЖ жөніндегі комиссияның қорытынды отырысында айтқан сөздері мен берген тапсырмаларын қолдаймыз. Байқаған адамға Президент ұсынған бағдарламалар бір-бірімен сабақтасып, байланысып жатыр. ҚР "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев осылай деп пікір білдірді. 

Мемлекет басшысы "...Ең бастысы, барша қазақстандықтың өмірі мен денсаулығын сақтау, азаматтардың табысын арттыру, бизнесті қолдау және оны дамыту, білім және ғылым жүйесін жетілдіру" деді. Сондай-ақ, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса мән беру қажет екеніне тоқталды. Түркістан облысына жасаған сапарымызда көрдік, ауыл шаруаларының табысы төмен. Сол себепті ауыл диқандарының өндірген өнімдері елорда дүкендерінің сөрелерінде сатылуы керек деп есептейміз. Президент айтқандай, диқандардың да табысы молаюы керек. Мәселен, зерттеу деректері бойынша 8 млн ауыл тұрғыны ішінен 1,9 млн адам қосалқы шаруашылықты жүргізумен ғана күн көріп отыр. Олардың орташа табысы – отбасына шаққанда, айына 47,5 мың теңгені құрайды. 1,7 млн үй шаруашылығында 3,1 млн-ға жуық мал бар, жылына 2,9 млн тонна шикі сүт, 70,6 мың тонна ірі қара еті, 42 мың тонна құс еті және 118,9 мың тонна көкөніс өндіріледі, - дейді ол.

Эльдар Жұмағазиевтің айтуынша, осы өнімнің басым үлесі өңдеуші кәсіпорындарға жетпейді, ресми сауда объектілерінде сатылмайды. Бір сөзбен айтқанда, ауыл тұрғындары өндіретін өнім экономикалық айналымға қатыспайды. Бұдан бөлек, 91,7 мың ауыл шаруашылығын өндіруші 53%-ға тең орташа жүктеуге (дозагрузка) ие. Статистика деректері бойынша 5 жыл ішінде ауыл шаруашылығындағы орташа тиімділік 3,5 пайызды құрады. Инфляцияны (2019 жылға 5,4% ) және қарыз алуға ең төменгі 6% мөлшерлемені есепке алсақ, АӨК саласының дамуы туралы айту әзірге ерте.

"Себебі – шикізаттық базаның жетіспеуі, тұрақты өткізудің болмауы және бағаның бәсекеге қабілетсіздігі", - дейді "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасының бірінші орынбасары.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы ұсынған "5-10-15" тұрғын үй бағдарламасы да табысы төмен осындай азаматтарға үлкен көмек болары сөзсіз.

Өзгелердің жаңалығы