Президенттікке кандидат лауазымды тұлғалардың қандай іс-әрекеттері үгіт-насихатқа жатпайды

13 Мамыр 2019, 11:52
2326
Бөлісу:
Президенттікке кандидат лауазымды тұлғалардың қандай іс-әрекеттері үгіт-насихатқа жатпайды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президенттікке кандидат лауазымды тұлғалардың қызмет барысында айтқан сөздері мен іс-әрекеттері үгіт-насихатқа жатпайды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина мәлімдеді.

«Президенттікке кандидат Ахметбеков пен Еспаеваның Мәжіліс депутаттары екені белгілі. Үгіт-насихат кезеңінде олар жолдаған депутаттық сауалдарды БАҚ жарияласа, таратса үгіт-насихатқа жатпай ма?» - деп сұрады журналистердің бірі.

Баймолдина заң бойынша кандидат болып лауазымды тұлға тіркелсе онда ол қызметін тоқтатпайтынын айтты. 

Президенттікке кандидат лауазымды тұлғалардың қандай іс-әрекеттері үгіт-насихатқа жатпайды

«Уақытша. Сондықтан оның өзінің қызметі туралы мәлімет беруі керек. Депутаттық сауал жолдаса, бір топтың басшысы ретінде басқа жұмыс тобымен қаралып жатқан заң жобалары туралы пікірін айтатын болса үгітке жатпайды. Ол қызметін атқарып жатыр деп айтамыз. Ал үгіт дегеніміз не? «Сайлау туралы» Конституциялық заңымыздың 27-ші және 28-баптарында көрсетілгендей, іс-әрекеттерінен, сөздерінен сайлаушыларымызды тиісті бір нақты кандидатты қолдаңдар дейтін ниет болса онда біз оны үгіт деп айтамыз», - деп жауап берді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.

ОСК халықаралық ұйымнан 22 бақылаушыны аккредиттегені туралы осыған дейін айтқан едік.
Өзгелердің жаңалығы