Президенттік жастар кадрлық резервін лауазымнан үміткерлер деп қарауға болмайды – Тоқаев

10 Желтоқсан 2019, 12:21
3328
Бөлісу:
Президенттік жастар кадрлық резервін лауазымнан үміткерлер деп қарауға болмайды – Тоқаев
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылында көтерілген бастамалар жалғасын табатынын айтты.  

Осы жылы қолға алынған бастамалардың біразы орта мерзімге арналған. "Жас кәсіпкер" және "Жас маман" жобалары "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына енгізіліп, қажетті қаржы бөлінді. Биыл біз президенттік кадрлық жастар резервін жасақтаймыз. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан, бірнеше сынақтан өткен таңдаулы жастар осы тізімге енеді. Бұған тек болашақта жоғары лауазымызға ұсынылатын үміткерлер тобы деп қарауға болмайды. Аталған жоба ең алдымен жігерлі жастарды елге шын ниетімен адал қызмет етуге ынталандыруы тиіс. Өз ісін жетік білетін кәсіби мамандардың жаңа буынын қалыптастыру басты міндет, - деді мемлекет басшысы. 

Тоқаев биыл университет спартакиадаларының қозғалысы қайта жаңғыртылғанын айтты. 
Ұлттық спорт түрлерін қолдау және жас жазушылардың әдебиет академиясын ашу үшін нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы қолға алынған барлық бастамалар өздеріңіз сияқты қайратты жастар үшін жасалып отыр. Әрине ойға алған нәрсенің бәрін бірге жүзеге асырдық деп айтуға болмас. Бұл жұмыстарды алдағы уақытта міндетті түрде жалғастырамыз, - деді ҚР президенті Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу салтанатында.

Өзгелердің жаңалығы