Бас жаңалықтар
Президенттің штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды
18 Маусым 2019, 10:39 444

Президенттің штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Мақсат Нұрлыбекұлы Сқақов Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалды», делінген хабарламада.



Мақсат Нұрлыбекұлы 1978 жылы дүниеге келген. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген. «Болашақ» бағдарламасымен білім алған. Философия және экономика ғылымдарының докторы. Еңбек жолын 2000 жылы ҚР Ішкі істер органынан бастап, ҚР Президентінің күзет қызметінде, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінде, ҚР Мәдениет, Білім және Ғылым министрліктерінде, ҚР Премьер-Министрінің Кеңесшісі, ҚР Мәдениет және Ақпарат  министрлігінің тілдер комитетінің төрағасы қызметін атқарған. ҚР Бас Прокурорының ерекше маңызды тапсырмалары бойынша аға көмекші қызметінде және Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.


Загрузка...