Бас жаңалықтар
Білім және ғылым министрі президенттен эстафетаны қабылдады
10 Шілде 2019, 15:26 256

Білім және ғылым министрі президенттен эстафетаны қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР БҒМ басшысы Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған эстафетаны қабылдады. Ұлы ақын Абайдың өлеңінен оқыған үзіндісін министр өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады.

"Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан зор құрметпен қабылдап, кезекті эстафетаны еліміздің білім және ғылым саласының қызметкерлеріне, ұстаздарға, жоғары оқу орындарының ректорларына және студенттер мен оқушыларға жолдаймын", - деп жазды Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында.

Эстафетаның мақсаты – ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу.   

Еске салсақ, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа эстафетаға қатысып, Абай өлеңдерін оқу эстафетасын одан әрі Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған болатын.





Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық