Бас жаңалықтар
Президентке Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытының құрылысы туралы мәлімет берілді
13 Қыркүйек 2021, 18:32 138

Президентке Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытының құрылысы туралы мәлімет берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Linde Group компаниясының вице-президенті Оливер Пфаннды қабылдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Германияның Linde Group компаниясының вице-президентімен өткен кездесуде газ химиясы саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың перспективаларына мән берілді.

Мемлекет басшысы аталған компанияның Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады. 2020 жылы Linde Group Теміртау қаласында оттегі, азот және аргон өндіру жөніндегі ТМД бойынша аса ірі жобаның екінші кезеңін іске асырды.

Президентке компанияның Жаңаөзен қаласындағы газ өңдеу зауытының құрылысына қатысты жоспары туралы мәлімет берілді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Германиямен арадағы инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың стратегиялық маңызы бар екенін атап өтіп, Linde Group компаниясын еліміздің газ химиясы бағытындағы жобаларын жүзеге асыруда жан-жақты серіктестік орнатуға шақырып, мемлекет тарапынан шетелдік серіктестерге қолдау көрсетілетінін айтты.



Фото: дереккөз
Загрузка...