Президентке көмірсутегі секторындағы бірқатар бірлескен жобаның жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берілді

16 Қараша 2021, 14:39
651
Бөлісу:
Президентке көмірсутегі секторындағы бірқатар бірлескен жобаның жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.


Президентке көмірсутегі секторындағы бірқатар бірлескен жобаның жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берілді. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі ірі «Қаламқас-теңіз» жобасының негізгі қағидаттары туралы келісімге «ҚазМұнайГаз» бен «Лукойл» компанияларының қол қойғаны, сондай-ақ «Хвалынское» кен орнының игерілуі жөнінде айтылды.

Қазақстан Президенті еліміздің «Лукойл» компаниясымен серіктестігінің даму барысына көңілі толатынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы