Президентке барынша қолдау білдіруіміз қажет – Ғани Ташқараев

19 Маусым 2019, 16:19
4075
Бөлісу:
Президентке барынша қолдау білдіруіміз қажет – Ғани Ташқараев
Фото: автордан

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құруы – маңызды әрі демократиялық шешім. 12 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының сайланған Президенті қызметіне ресми кірісу рәсіміндегі сөйлеген сөзіне қатысты Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Әбдіғаниұлы Ташқараев пікір білдірді.

"Президент халықтың түрлі топ өкілдері кіретін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы айтты. Билік халықпен ашық диалогқа дайын және бұл тек пайда әкеледі. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру – әрі маңызды әрі демократиялық шешім. Жаңа орган қарапайым азаматтардың проблемаларын жедел шешетініне сенемін. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы елдің тұрақты дамуы жаңа деңгейге шығуы үшін Елбасы стратегиясын жүзеге асыру бағытында жұмыс істейтінін атап өтті. Еліміздің жүйелі даму үрдісі жалғасын табатынына қазақстандықтардың күмәні болмауы тиіс. Әрине, бұл Президенттің пәрменділігіне, енгізіп отырған жаңа бастамаларының жүзеге асуына тығыз байланысты. Сондықтан біз оған барынша қолдау білдіруіміз қажет", - дейді Ғани Ташқараев.

Айтуынша, жаңа саяси бағыт ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасында ұсынылған әділ және тиімді әлеуметтік саясатқа негізделеді.

"Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу. Бұл нені білдіреді? Біріншіден, халықтың табыс деңгейін арттыру, екіншіден, мұқтаж қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, үшіншіден, жаңа жұмыс орындарын құру", - дейді мәслихат хатшысы.


Өзгелердің жаңалығы