Бүгін президент Қазақстан халқына Жолдау жасайды

2 Қыркүйек 2019, 09:41
7976
Бөлісу:
Бүгін президент Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қазақстан Республикасының президенті осыдан біраз уақыт бұрын айтқан болатын. 

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алғашқы Жолдауында не жайлы айтатынын да шет-жағалап білдірген еді. 

«2 қыркүйекке жоспарланған Халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктеледі», - деген еді Президент.

Президенттің алғашқы Жолдауы не туралы болатынына ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Талғат Қалиев болжам жасаған еді.

«Қазірдің өзінде мемлекет басшысының ерекше құпия жасамай, барлық зорлықшыларға жазаны қатаңдатуға ниетті екендігімен бөлісуі фактісінің өзі қызықтыра түседі. Бұл жаңалықты құпия ұстай тұрып, залда барынша қошеметке ие болуға да болар еді. Дегенмен, Президентке пойыздағы зорлау сорақы фактісіне байланысты  оқиғаға бей-жай қарамаған отандастарымен пікірлес екендігін білдіру маңызды болған сияқты. Осынау қысқа ғана твит іс жүзінде зорлыққа бірауыздан жек көрушілікті қалыптастыруда айрықша рөл ойнады. Қалғаны әзірше құпия қалып отыр», - деп жазады Т.Қалиев Telegram-да. 

Оның пікірінше, президенттің алдағы Жолдауында әлеуметтік қолдау шараларына қатысты мәселелер көтеріледі. 

«Бюджет қызметкерлерінің жалақысын көтеру. Тамыз кеңесінде  төрт жылдың ішінде мұғалімдердің жалақысын 4 есе көтеру тапсырмасы берілді. Бұл тармақ жолдаудада қозғалып, барынша тарқатылуы мүмкін.  Таяуда өткен индустрияландыру жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы түбегейлі мәселелерді көтеріп, қазақстандық экспорт үлесін арттыру туралы тапсырма берді. Бұл мәселе де Жолдауда барынша кеңінен қозғалатын шығар. Үкіметтің таяудағы кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлік қызметке араласу тақырыбын көтеріп, бизнестің дамуына кедергі келтіретіндердің бәрін жұмыстан босататындығына уәде берді. Кәсіпкерлікті қорғау шаралары  заңнамамен кепілдендіруге тапсырма береді деп болжауға болады», - деп жазды Талғат Қалиев.

Жолдау бүгін сағат 11:00-де жолданады.

Өзгелердің жаңалығы