Президент Жоғары Сот кеңесінің төрағасын қабылдады

1 Сәуір 2019, 12:57
1971
Бөлісу:
Президент Жоғары Сот кеңесінің төрағасын қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Мемлекет басшысына Жоғары Сот Кеңесі жұмысының нәтижелері, соның ішінде судьяларды іріктеу жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы баяндалды.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.

 

 

Өзгелердің жаңалығы