Президент жастарды спортпен шұғылдануға шақырды

18 Тамыз 2019, 19:00
2060
Бөлісу:
Президент жастарды спортпен шұғылдануға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды Спорт күнімен құттықтады.

«Еліміздің барлық азаматтарын Спорт күнімен құттықтаймын! Жастарды спортпен шұғылдануға шақырамын! Спортшыларымыз биік белестерді бағындыра берсін! Үкімет пен Парламент спорттың бұқаралық сипат алуына ықпал етуі тиіс!», - деді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter аккаунтында.

Атап өтсек, бүгін елімізде Спорт күні аталып өтуде.

Өзгелердің жаңалығы