Президент ҰҚШҰ әскері елімізден қашан шығарылатынын айтты
11 Қаңтар, 11:45 336

Президент ҰҚШҰ әскері елімізден қашан шығарылатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Президент Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының әскеріне қатысты халық арасында тарап жатқан пікірлерге қатысты мәлімдеме жасады.

Бұған қатысты түрлі қауесеттің, әсіресе, шетелде тарап жатқан жаңсақ пікірдің алдын алу қажет. Бұл ұйым – ұжымдық қауіпсіздік мәселелерімен айналысады. Қазақстан – оның толыққанды құрылтайшысының бірі. Осы ұйымның барлық мүшесінен жасақталған бітімгершілік контингенті Қазақстанға уақытша мерзімге ғана келді. Оған жүктелген міндеттер нақты айқындалған. Бұл – стратегиялық нысандарды күзету және ақыл-кеңес беріп, қолдау көрсету. Лаңкестерге қарсы операцияны толығымен Қазақстанның күштік құрылымдары жүзеге асырып жатыр. Шын мәнінде, солардың жанкешті іс-әрекетінің арқасында төңкеріске жол берілген жоқ, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы ҰҚШҰ бітімгерлік күшінің еліміздегі қызметі қашан аяқталатыны туралы айтты.

Қазір негізгі лаңкестікке қарсы операция аяқталды. Барлық өңірде жағдай тұрақты болып отыр. Сонықтан ҰҚШҰ бітімгерлік күшінің негізгі миссиясы сәтті аяқталды. Екі күннен кейін бітімгерлік күшті шығару басталады. Оны шығару 10 күннен аспайды, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...