Президент Уәлиев атындағы спорт мектебіне барды

17 Қыркүйек 2019, 15:15
2049
Бөлісу:
Президент Уәлиев атындағы спорт мектебіне барды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Ақмола облысына жасаған жұмыс сапары аясында Жақсы ауданындағы жеке спорт мектебін аралап көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан Президентіне күрес, бокс және футбол спортына арналған залдар көрсетілді. Қазіргі уақытта Жақсы ауданының 170 оқушысы бокс, грек-рим күресі және футбол секцияларында спортпен шұғылданады.
b2ec42d5572f8c51d8651865856ac5ae.jpg

Бұл спорт мектебі өз тарихында 4800 спортшыны, соның ішінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шеберлері мен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін дайындап шығарды.

2a7aeef7a5aa6f39bd7c9850f92e5ab2.jpg

Мемлекет басшысы грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченкомен және спорт мектебінің тәрбиеленушілерімен әңгімелесу барысында ауылдағы бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын атап өтті. 

Өзгелердің жаңалығы