Президент Тоқаев Шымкенттегі медициналық орталыққа барды

23 Наурыз 2019, 19:45
1822
Бөлісу:
Президент Тоқаев Шымкенттегі медициналық орталыққа барды
Фото: автордан

Шымкент қаласы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкент қаласын жұмыс сапары аясында "MEDIKER 4К" жаңа медициналық орталығына барды.

Президент әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға ерекше көңіл бөледі. Сондықтан өнеркәсіптік объектілерден басқа, аймақтың жұмыс істеп тұрған және жаңа әлеуметтік объектілерімен, атап айтқанда, жақында ашылған "MEDIKER 4К"медициналық орталығымен танысты.

Аталған орталық 21 наурыз күні Наурыз мерекесіне қала тұрғындарына сый ретінде ашылыпты.

Клиника з инвазивті, амбулаторлық, пластикалық, офтальмологиялық, хирургиялық және басқа да операцияларды, сондай-ақ лазерлік, радиожиілік және электрохирургиялық технологияларды пайдалана отырып физиопроцедураларды жүргізуге арналған заманауи жабдықтармен жабдықталған. Буындардың магниттік-резонанстық томографиясымен, сандық рентген және мобильді флюорографиямен жабдықталған. Siemens компаниясымен әріптестіктің арқасында клиникада ересектер, балалар және әйелдер үшін арнайы сараптама класының УДЗ-диагностикасы ұсынылады.

Сонымен қатар, "MEDIKER 4К" клиникасының базасында Ұлттық Олимпиада комитетімен, спорттық жекпе-жек Конфедерациясымен және спорттық медицина Федерациясымен тығыз ынтымақтастық аясында спорттық медицина орталығы ашылды.

Спорттық медицина орталығы: медициналық диагностиканы, дене дайындығы мен ұсынылатын жүктемелер деңгейін анықтау бойынша арнайы тестілеуді, жаттығулардан кейін қалпына келтіруді, сондай-ақ спорттық жарақаттар кезінде оңалтуды қамтиды.

Орталықта заманауи оңалту залы бар, бұл тек тұрмыстық жүктемелерге бейімделіп қана қоймай, жаңа жеңістер үшін жоғары спортқа қайта оралуға мүмкіндік береді.

Облыс және қала тұрғындары спортпен шұғылдану технологиясы, арнайы және шекті дене жүктемелері бойынша егжей-тегжейлі ұсыныстар ала алады, диспансерлік есепке тұра алады, сондай-ақ жаттығулар мен жарыстарға рұқсат ала алады. Ал алдыңғы қатарлы спортшылар, халықаралық біріншіліктер мен Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері қалпына келтіру және физиотерапиялық ем алады.
Өзгелердің жаңалығы