Президент «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттарының жеңімпаздарымен кездеседі

8 Желтоқсан 2021, 09:44
788
Бөлісу:
Президент «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттарының жеңімпаздарымен кездеседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттарының жеңімпаздарымен кездеседі, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын берудегі мақсат – белсенді жастардың шығармашылық ортасын қалыптастыру және олардың тың бастамаларына мемлекеттік қолдау көрсету. Байқау талабына сәйкес грантқа 14-29 жас аралығындағы үміткерлер ие болды.

Гранттар жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар – жаңа IT, бизнес және медиа бағыттары бойынша беріледі, - деп жазды Берік Уәли.

Өзгелердің жаңалығы