Бас жаңалықтар
Президент тапсырмасымен Тараздағы жарылыс бойынша тексеру комиссиясы құрылды
27 Ақпан 2019, 10:03 1340

Президент тапсырмасымен Тараздағы жарылыс бойынша тексеру комиссиясы құрылды

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Тараздағы көпқабатты тұрғын үйде орын алған жарылысты тексеру комиссиясы құрылды.

Еске сала кетсек, бүгін таңғы сағат 06:21-де Тараз қаласындағы 9 шағынаудан 62-үй, 4-подъездегі жарылыстың салдарынан 1-3 қабаттың опырылуы орын алды.

ҚР ІІМ ТЖК күштерімен оқиғаға қажетті мамандар мен техника жұмылдырылып, үй тұрғындарының барлығы қауіпсіз жерге көшірілді. Үйінділер астынан 8 адам шығарылды. Оның ішінде, 2 адамның өлі денесі анықталды, қалған зардап шеккендердің жағдайы ауыр.

Тараздағы оқыс оқиға жөнінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Премьер-министр Асқар Мамин шұғыл түрде баяндады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылып, комиссия мүшелері Тараз қаласындағы қайғылы оқиға орнына ұшып кетті.

Зардап шеккен үйдің тұрғындары ғимаратқа жақын орналасқан №41 мектепке орналастырылды. Ыстық тамақ жеткізу ұйымдастырылып, уақытша тұруға арналған барлық жағдай жасалды. Медиктер мен психологтар жұмыс жасап жатыр.

ҚР ІІМ ТЖК алдын ала ақпараты бойынша газ жабдығын дұрыс пайдаланбау жарылысқа себепші болған.

Жедел штаб құрылып, +7 (7262) 51-35-75 телефон нөмірі бойынша қауырт желі жұмыс жасауда.

Загрузка...