Президент тапсырмасы: Мың мектептің 33-і ШҚО-да салынады
12 Қараша 2021, 14:36 83

Президент тапсырмасы: Мың мектептің 33-і ШҚО-да салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов Президенттің тапсырмасы бойынша салынатын мың мектептің 33-і ШҚО-да салынатынын айтты.

Мемлекет Басшысының 2025 жылға дейін Қазақстанда 1000 мектеп салу тапсырмасына орай, облыстағы ескі шағын комплектілі, ағаштан салынған және мектепке арналмаған ғимараттардың орнына 33 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр, – деді облыс әкімі.
Даниал Ахметовтың сөзінше, осы жылдың соңына дейін Семей қаласының Степное кентінде 300 орындық және Восточное ауылында 1 200 орындық екі мектеп пайдалануға беріледі. Келесі жылы тағы 6 мектептің құрылысы аяқталады.
Сондай-ақ, әлемдік стандарт бойынша облыс балалары мен жастарына арналған «Зерде» ғылыми-шығармашылық білім беру орталығының құрылысы басталады. Жобаның бірегейлігі ғылыми зертханалар, мұражай көрмелері мен шығармашылық сабақтардың бір жерде шоғырлануында, – деп толықтырды ол ОКҚ-да.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...