Бас жаңалықтар
Президент тапсырмаларының орындалуына қатаң бақылау орнату керек – Айдос Сарым
02 Қыркүйек 2021, 14:54 886

Президент тапсырмаларының орындалуына қатаң бақылау орнату керек – Айдос Сарым

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым «AntikorLive» жобасында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Жолдаудың өзегі жемқорлықты жеңу, мемлекеттің бизнес ісіне араласпау секілді бағыттары бар.

Меніңше бұл Жолдаудың жөні ерекше. Жолдау бірнеше ай бұрын болған оқиғаларға жауап ретінде де қарастырылған. Оны бірнеше бағытқа бөліп қарастыруға болады. Саясатқа, жалпы билік жүйесімен айналысып жүрген азаматтарға нақты жауап берілді деп ойлаймын. Мәселен, Токио Олимпиадасына қатысты және соңғы уақытта хайп болған өзекті тақырыптарға Мемлекет басышысы өз позициясын анық жеткізді, - деді ол.
Оның мәлімдеуінше, мемлекеттік қызметкерлер мен зиялы қауым өкілдері ірі тақырыптарды талқылауы керек.

Сонымен қатар ол Жолдау тапсырмаларынан кейін алдағы жылдарға бөлінген қаражат легінің қайта қарастырылатынын, онымен қоса атқарушы биліктің жауапкершілігінің молаятынын айтты.

Кез келген Жолдау бюжетке және заң шығарушы органдарға тікелей тапсырма. Себебі көптеген заңды осы жылдың аяғына дейін қабылдау керек. Екінші жағын айтар болсақ, бюжет параметрлерін қайта қарау қажет болады. Кемінде алдағы 2-3 жылдың бюжеттерінің сарыны болады деп ойлаймын. Өйткені 2021-2024 жылдарға бөлінген қаржыларды қайта қарауға тура келеді. Себебі кешегі Жолдауда әлеуметтік категориялардың жалақысын көтеру керектігін айтқан болатын. Бұл арқылы мемлекеттік қызметкерлер мемлекет қолдауынан тыс қалмайды. Алдағы апталар мен айларда үлкен жұмыс кезеңі болайын деп тұр. Сол себепті Президент тапсырмаларының орындалуына қатаң бақылау орнату керек, - деді Айдос Сарым.
Еске салайық, кеше Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасады. Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары айқындалды. 

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...