Президенттің тапсырмалары тиянақты орындалса, жағдай реттеледі - сарапшы

10 Шілде 2020, 15:20
2076
Бөлісу:
Президенттің тапсырмалары тиянақты орындалса, жағдай реттеледі - сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет отырысында пандемия кезінде туындаған мәселелерды көтерді. Атырау облысы "Азаматтық альянс" қоғамдық ұйымының төрайымы Әлия Беккужиева президенттің тапсырмаларына қатысты пікір білдірді.

Дәл қазір қоғамға қажеті – темірдей тәртіп. Президент бірқатар министрлікті, әкімдерді сынға алып жатыр. Ол жағдай дұрысталса дейді. Атырау облысында жағдай күрделі болып тұр. Күн сайын бірнеше таныс-тамырдың бақилық болғаны жайлы суық хабар аламын. Қорқынышты болып барады. Президенттің бүгін айтқан тапсырмалары тиянақты орындалса, жағдай реттеледі. Атырауда күн 40 градусқа дейін ыстық. Ауруханаларда орын жоқ. Ауырып жатқан адам қарасы көбейіп жатыр. Біз, атыраулық кәсіпкерлер қолдан келгенше халыққа көмек беріп жатырмыз. Ауруханадағы дәрі-дәрмек, өкпе желдеткіш аппараттарын алуға ақша жинадық. Қиын-қыстау кезеңде халықпен бірге болу керек, - деді ол.

Ә.Беккужиева пандемия кезінде пиар акцияға миллиондар жұмсаған кейбір ұйым басшыларын сынға алды.

Ұйымды жарнамалау, флешмоб өткізу деген жұмыстарға 600 млн теңге бөлу деген бассыздық. 6 млн теңге болса да ештеңе емес. 600 млн теңгеге қаншама дәрі-дәрмек пен аппарат алып, ауруханаларды төсек-орындармен қамтамасыз етуге болар еді. Дәл қазір жарнаманың емес, жан сақтап қалудың жайын ойлау керек, - деді төрайым.

Өзгелердің жаңалығы