Президент Тамара Асарды қабылдады

9 Қазан 2019, 19:59
2541
Бөлісу:
Президент Тамара Асарды қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы бірқатар қабылдау өткізді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім жөніндегі кеңес мүшелері Ораз Жандосов пен Бағдат Мусинді қабылдап, елдің экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқылады. 

Сондай-ақ инвестициялық жобалардың және Қазақстанды цифрландыру жұмыстарының жүзеге асырылуы туралы пікір алмасты.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы белгілі әнші Тамара Асарды қабылдап, еліміздегі мәдениеттің қазіргі жағдайын талқылады. Президент Тамара Асарға шығармашылық табыстар тіледі.


Өзгелердің жаңалығы